09 наурыз 2021 | 18:35

Қарсы жолға шыққан Lada Priora. Жұмабек деген кім екені анықталды

Түркістан облысында "Жұмабектің бажасымын" деген сөзден кейін полицейлерден із жазсырғандарға қатысты оқиғаның мән-жайы анықталды. Жол қозғалысы ережесін өрескел бұзғандар ұсталған. Ал видеода аты аталған Жұмабек деген адам Отырар аудандық полиция бөлімінде жұмыс істейтін полиция майоры болып шыққан. Қазіргі уақытта тексеріс жүріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Түркістан облысында "Жұмабектің бажасымын" деген сөзден кейін полицейлерден із жазсырғандарға қатысты оқиғаның мән-жайы анықталды. Жол қозғалысы ережесін өрескел бұзғандар ұсталған. Ал видеода аты аталған Жұмабек деген адам Отырар аудандық полиция бөлімінде жұмыс істейтін полиция майоры болып шыққан. Қазіргі уақытта тексеріс жүріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сөйтсек, оқиға 8 наурызға қараған түні Отырар ауданында болған екен. Жол ережесін бұзғандарды Отырар аудандық ПБ қызметкері тоқтатқан. Алайда ер адам тәртіп сақшысының заңды талаптарын орындамай, оқиға орнынан кетіп қалған.

"Полицей ереже бұзғандарды ақыры ұстады. Lada Priora көлігі айып тұрағына қойылды. Іс материалдары заңды шешім шығару үшін сотқа жолданды. Медициналық куәландырудан жүргізушінің мас болмағаны анықталды", - делінген ПД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, полициядағылар Отырар аудандық ПБ-да шын мәнінде Жұмабек Төлеген деген полиция майоры жұмыс істейтінін хабарлады. Ол әкімшілік полиция бөлімшесінің бастығы екен, оның қоластында екі қызметкер бар.

"Түркістан облыстық ПД Өзіндік қауіпсіздік басқармасы бұл полицейге қатысты қызметтік тексеріс жүргізіп жатыр", - делінген хабарламада. 

Еске салайық, әлеуметтік желілерде видео тараған, онда қарсы жолмен келе жатқан көлікті полицейлер тоқтатқаны, бірақ жүргізуші тәртіп сақшысының сөзін елемей, оқиға орнынан кетіп қалғаны көрінеді. Түркістан облыстық ПД өкілдері жүргізуші ұсталғанын, ал оны жібере салған қызметкерге қатысты тексеріс жүріп жатқанын хабарлаған.

Ескерту! Былапыт сөз айтылады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная