Картоп бағасы "Алтын ордаға" қарағанда орталықтағы супермаркеттерде арзан - Байбек

Картоп бағасы "Алтын ордаға" қарағанда орталықтағы супермаркеттерде арзан - Байбек

Алматы ?кімі Бауыржан Байбек азы?-т?лік ба?асыны? неге базарларда емес, супермаркеттерде арзан болып келетінін т?сіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы әкімі Бауыржан Байбек азық-түлік бағасының неге базарларда емес, супермаркеттерде арзан болып келетінін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Біз әлемдік ритейлерлерді біртіндеп тартып жатырмыз. Мәселен Carrefour. Ол жерде картоп бағасы "Алтын орда" базарына қарағанда төмен. Қалайша дейсіз бе? Біздікілер бәрінен пайда көргісі келеді. Біз 57 базарды мәдениетті арнаға бұрамыз, олармен жүйелі түрде күресу керек. Ғаламтор саудасы да дамып келеді. Базарлар біртіндеп керексіз болады. Базардан кетпегендер, ертеңгі күні тақырға отырады. Адамдар дұрыс жағдайда жұмыс істеуі керек", - дейді әкім тұрғындармен есеп беру кездесуі кезінде.

Сонымен қатар, әкім азық-түлікті базардан гөрі сауда орталықтарынан алған тиімді екенін түсіндіре кетті.

Жарнама
Жарнама

"Тұрғындарға сауда үйлеріндегі бағалар сәл қымбат болғанымен, таза, ыңғайлы, әдемі екенін түсіндіруіміз керек, даладағыдай емес. Тазалық талаптарына сәйкес келмейді, не алып жатқаныңыз түсініксіз, тауардың сапасы қандай екені белгісіз. Ойын-сауық орталықтары маңында үнемі жұмыс істейтін шағын және орта компаниялар ашылады. Қызмет көрсетеді, жұмысын жүргізеді", - дейді Бауыржан Байбек.

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама