28 қараша 2018 | 15:23

Қарттар мен балалардың жылағаны жаныма батады - Назарбаев

© annisa-today.ru

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қарттар мен балалар үйін біріктіру тәжірибесін зерттеуді сұрады, ол екі топтағылардың жалғыздық сезімін төмендету үшін қажет, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қарттар мен балалар үйін біріктіру тәжірибесін зерттеуді сұрады, ол екі топтағылардың жалғыздық сезімін төмендету үшін қажет, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Біз бір кездері өзіміз де қария болатынымызды ойламаймыз. Барлығыңыз да қартаясыздар. Бүгін жас, алдымызда мың жыл бардай көрінеді. Оның қаншалықты тез өтетінін көз алдыңа елестете де алмайсың. Мен ақсақалдар үйіне барып, жалғыз әжелер мен аталарды көргенде жаным ауырады. Сұраймын: "Балаларыңыз бар ма, немерелеріңіз?" "Саған керегі не" деп жауап береді де, жылайды. Балалар үйінде де. Ата-анаң бар ма деп сұрасам, олар теріс қарап жылайды, осыны көргенде жаныма батып ауырады", - деді Президент.

Реклама
Реклама

VIII Азаматтық форум барысында Назарбаев қарттар мен балалар үйін біріктіру туралы идеяға ойланып қалды.

"Батыста қарияларға деген қарым-қатынас әртүрлі, қарттар өздері сұранатын үйлер бар. Үйінде немерелері болса да, араласатын замандастары жоқ. Ол жерде (қарттар үйінде - Авт.) қария қарым-қатынас орнатады, мемлекет жағдайын жасайды. Қарттар мен балалар үйін бір жерге салу туралы ұсыныс түсті. Қарттар балаларға да қарайды. Қарап шығу керек", - деп тапсырды Президент. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная