Қарттарды ұрып-соғып, суықта далада ұстаған: атышулы іс қалай аяқталды?

Midjourney

Ақсу қаласында қарт адамдарға қатыгездік көрсеткен пансионат қызметкері сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақсу қаласында қарт адамдарға қатыгездік көрсеткен пансионат қызметкері сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қамқор" әлеуметтік қызметтер орталығының тұрғындарына қатысты резонанс тудырған іс бойынша сот үкімі шықты.

"Пансионат қызметкері жүйелі түрде қамқорлықтағы адамдарға физикалық күш қолданған және оларды жылы киімсіз далада қалдырған", - деп жазылған хабарламада.

Реклама
Реклама

Жасалған әрекеттердің ауырлығын және олардың салдарын ескере отырып, сот айыпталушыны кінәлі деп танып, үш жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Еске салайық, бұған дейін Павлодарда пансионат қызметкерлері 84 жастағы қарт адамды қорлағаны хабарланды. Мекемеде түсірілген бейнежазбаларды зерттеу барысында қорқынышты жайттар ашылған: пансионат қызметкерлері екі қарт қызметкерді ұзақ уақыт бойы қорлап, зорлық-зомбылық көрсеткен.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама