06 желтоқсан 2019 | 11:43

"Қарулы қылмыскерлер қашып кетті". ҚАЖК WhatsApp-хабарламаға қатысты пікір білдірді

ҚАЖК "қашып кеткен қарулы сотталушылар" туралы хабарламаға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

ҚАЖК "қашып кеткен қарулы сотталушылар" туралы хабарламаға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

5 желтоқсанда белгісіз адамдар Шығыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖ департаменті ОВ-156/15 мекемесінен, яғни "Семейдің, 35-колониясынан қаруланған сотталушылар қашып кетті деген ақпарат таратты. Семей, Дмитриевка, Бородулиха, Жезкентте қауіпсіздік шаралары күшейтілген. 100 пайыз рас ақпарат", - делінген таралып жатқан хабарламада. 

Реклама
Реклама

ІІМ ҚАЖК өкілдері ресми түрде бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын айтады. 

"Қазіргі уақытта ҚАЖ мекемелерінде жағдай қалыпты. Сонымен қатар, ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабына сәйкес қоғамдық тәртіпті бұзу немесе азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі зиян келтіру қаупін төндіретін көрінеу жалған ақпарат тарату; адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен; адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып; бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникациялар желілерін пайдалана отырып жасалған дәл сол іс-әрекет - үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады", - делінген хабарламада. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная