28 ақпан 2023 | 14:40

Қарым-қатынастарымыз берік және байланыстарымыз күшейе түседі - Блинкен

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен екі мемлекет арасында берік қарым-қатынас орнағанын айтып, Орталық Азия сыртқы істер министрлерінің кездесуін ұйымдастырғаны үшін алғыс айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен екі мемлекет арасында берік қарым-қатынас орнағанын айтып, Орталық Азия сыртқы істер министрлерінің кездесуін ұйымдастырғаны үшін алғыс айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақордада АҚШ Мемлекеттік хатшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа қонақжайлылығы үшін алғыс айтып, оған АҚШ Президентінің ыстық сәлемін жеткізді.

"30 жылдан астам уақыт ішінде қол жеткізген елеулі табыстарды екіжақты деңгейде дамыту, серіктестігімізді тереңдету және нығайту маңызды. Тек соңғы жылдары біз осы бағытта маңызды әрі жаңа жетістіктерге қол жеткіздік. Біздің қарым-қатынастарымыз берік және байланыстарымыз күшейе түседі. Біз осы бағыттан айнымаймыз", - деді ол.

Реклама
Реклама

Тоқаевқа Астанада Орталық Азия сыртқы істер министрліктері басшыларының кездесуін ұйымдастырғаны үшін алғыс айтты.

"Әріптестеріміз - сыртқы істер министрлерімен бірге аймақты біріктіруге бағытталған берік әрі тығыз қарым-қатынас жасау, нақты мәселелерге назар аудару жөніндегі жұмыстарға атсалысамыз деп үміттенемін. Бұл Орталық Азия халықтары мен Америка Құрама Штаттарына пайдалы болады деп ойлаймын. Біз ең жоғары деңгейде өзара іс-әрекет жасауға ниеттіміз. Мен осында келгеніме және ынтымақтастығымызды нығайтуға өз үлесімді қосқаныма өте қуаныштымын", - деді Энтони Блинкен.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная