18 мамыр 2023 | 15:04

Қарызы бар қазақстандықтарды ресейлік коллекторлар "қорқыта" ала ма?

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:elements.envato.com

Қолданыстағы заңнама қазақстандықтардың Еуразиялық экономикалық одақ елдері, соның ішінде ресейлік банктерден несие алуға тыйым салмайды. Төлем мерзімін кешіктірген жағдайда қазақстандықтарға коллекторлар хабарласа ма? Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Қизатовқа сұрақ қойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қолданыстағы заңнама қазақстандықтардың Еуразиялық экономикалық одақ елдері, соның ішінде ресейлік банктерден несие алуға тыйым салмайды. Төлем мерзімін кешіктірген жағдайда қазақстандықтарға коллекторлар хабарласа ма? Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Қизатовқа сұрақ қойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Біздің азаматтар ресейлік коллекторлардан қорғалған ба, өйткені Ресейдегі бұл қызмет, менің ойымша, өте агрессивті жұмыс істейді?" - деп сұрады журналист.

Реклама
Реклама

Агенттік төрағасы орынбасарының айтуынша, несиелік келісімге қол қою кезінде адам ықтимал тәуекелдерді өз бетінше бағалауы керек.

"Заң жүзінде қарыз алушыны ресейлік коллектор әрекетінен қорғайтын ешқандай шектеулер жоқ. Бұл мәселені мұқият қарастыру керек", - деді Қизатов.

Агенттік төрағасының орынбасары бүгінде қазақстандықтардың ЕАЭО елдері банктерінде қанша несиесі бар деген сұраққа да жауап бере алмады. Олжас Қизатовтың айтуынша, олар кәсіподақ комиссиясына тиісті сауал жолдаған.

"Мен басқа елдердің коллекторларының біздің азаматтарға қоңырау шалу деректері бар-жоғын анықтаймын. Біздің азаматтарды басқа ел ұйымдарының заңсыз әрекеттерінен қорғайтын заңнамалық нормалар туралы да", - деп уәде берді ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная