Қасбеттерді жаңарту Алматы орталығын қалай өзгертті: тұрғындар мен әкімдік не дейді?

Қасбеттерді жаңарту Алматы орталығын қалай өзгертті: тұрғындар мен әкімдік не дейді? Фото © Tengrinews.kz / Болат Айтмолда

Алматы орталығында бірнеше айдан бері қасбеттерді жаңартудың ауқымды жұмыстары жүріп жатыр. Басты көшелердегі тұрғын үйлер құрылыс ағаштарымен қоршалып, қала келбеті айтарлықтай өзгеріп келеді. Әкімдік жаңғырту туралы айтқанымен, алматылықтардың бір бөлігі қала өзіндік "болмысынан" айырылып, келбетсіз күйге түсіп жатыр деп есептейді. Tengrinews.kz тілшісі орталық көшелерді аралап, реконструкцияның қалай жүріп жатқанын көріп қайтты.

Алматы орталығында бірнеше айдан бері қасбеттерді жаңартудың ауқымды жұмыстары жүріп жатыр. Басты көшелердегі тұрғын үйлер құрылыс ағаштарымен қоршалып, қала келбеті айтарлықтай өзгеріп келеді. Әкімдік жаңғырту туралы айтқанымен, алматылықтардың бір бөлігі қала өзіндік "болмысынан" айырылып, келбетсіз күйге түсіп жатыр деп есептейді. Tengrinews.kz тілшісі орталық көшелерді аралап, реконструкцияның қалай жүріп жатқанын көріп қайтты.

"Не жасы, не болмысы жоқ" – желідегі сын

Реновация сәуір айында басталды, содан бері қала тұрғындары әлеуметтік желілерде бұл туралы жарыса жаза бастады.

Жарнама
Жарнама

Алматылықтардың басты наразылығы қолданылып жатқан материалдардың сапасына және тұрғындардың пікірінше, сәтсіз таңдалған дизайнға қатысты болып отыр.

"Достар, қаланың тарихи бөлігінің көрнекі түрде бір үлкен тойханаға айналып бара жатқаны бәріңізге қалыпты ма? Мына арзан мәрмәр мен басқа да материалдар бір жылдан кейін сұрықсыз көрініп, түсіп қалады (қалай орнатып жатқанын көрдім). Қала келбетсіз болып барады: не жасы, не болмысы қалмады. Бұған қалай жол берілді?" – деп жазды Threads қолданушыларының бірі сәуір айында.

Фото © Tengrinews.kz / Болат Айтмолда

Әлеуметтік желідегі жазба авторларының бірі "Алматыбасжоспар" басшысы Асхат Садуовқа жүгініп, жүргізіліп жатқан жұмыстарды сынға алды.

"Бұл орамдағы үйлердің бірсарынды желдетілетін қасбетпен қаптау (вентфасадизация) науқанына ілігіп кеткені өкінішті. Олардың қала үшін сирек кездесетін, адамға жайлы өлшем-көлемі бар. Тұрғындар ұсқынсыз терезелермен (кейде тіпті жақтаулардағы жапсырмасын да сыпырмай), кондиционерлермен, шарбақтармен және қоршаулармен оның көркін әбден бұзған. Желдетілетін қасбет - бұл үйлерді джентрификациялау емес, маргиналдандырудың жалғасы", – жазды жазба авторы.

Дегенмен, алматылықтардың бір бөлігі кеңестік панельді үйлердің сыртқы келбетін жаңарту қажеттілігі әлдеқашан туындағанын айтып, жобаны қала орталығынан тыс жерлерге де таратуды қолдап отыр.

"Алматыдағы ескі үйлерді неткен әдемі жаңартып жатыр. Қыста, жасыл желек болмаған кезде, бұл хрущевкалар тіпті де сұрқай көрінетін. Жаңарту жұмыстары тек "алтын квадратта" ғана емес, бүкіл қала бойынша жүргізіледі деп үміттенемін", – жазды желі қолданушыларының бірі.

Жұмыстар жалғасып жатыр. Жақында тұрғындар әлеуметтік желілерде бір-біріне ескерту жасай бастады: Назарбаев даңғылы мен Қабанбай батыр көшесінің қиылысындағы Түрксіб үйіне де құрылыс ағаштары орнатылған.

Фото © Tengrinews.kz / Болат Айтмолда

"Түрксіб үйін салғанды ұнататын суретшілер, асығыңыздар. Біздің үйді де "жақсартқалы" жатыр. Жақында ол керемет декор болмайды", – деп жазды алматылық әйел Threads желісінде.

Түрксіб үйі қала тұрғындары "ескі Алматының" ажырамас бөлігі деп санайтын ғимараттардың қатарына жатады.

Анықтама. Әкімдіктің мәліметінше, бұл үй 1953 жылы Теміржол басқармасының қызметкерлері үшін салынған. Онда "Қазақстан темір жолы" жұмысшылары тұрған, сондықтан оны "Теміржолшылар үйі" деп атаған. Қазір үй "Фурманов (Назарбаев) 128/104" ПИК-і деп аталады.

Басты көшелердің қасбеттері қазір қалай көрінеді: фоторепортаж

Tengrinews.kz Алматының орталық көшелерін аралап, реновация барысын суретке түсіріп алды. Кадрлардан жұмыстардың тұтас кварталдарды қамтығанын көруге болады.

Фото © Tengrinews.kz / Болат Айтмолда

Назарбаев даңғылы мен Құрманғазы көшесіндегі тұрғын үйлер металл конструкциялар мен қорғаныс торларының астында толықтай дерлік жасырылған. Жұмысшылар ескі әрлеуді алып тастап, қасбеттерді жаңа қаптамаға дайындап жатыр.

Фото © Tengrinews.kz / Болат Айтмолда
Фото © Tengrinews.kz / Болат Айтмолда
Фото © Tengrinews.kz / Болат Айтмолда

Құрылыс алаңдарының жанында жаңа қаптау плиталарын көруге болады. Сонымен қатар, ескі лепниналар мен ернеулер (карниздер) дәл сол жерде, ағаш паллеттердің үстінде жатыр.

Фото © Tengrinews.kz / Болат Айтмолда

Сақталып қалған ескі декор элементтері мен жаңа қаптама арасындағы алшақтық реновацияның ең көп талқыланатын тұсына айналды. Біреулер үшін бұл ескірген ғимараттарды жаңарту әрекеті болып көрінсе, енді біреулер үшін қаланың тарихи болмысын жоғалту ретінде қабылданған.

Фото © Tengrinews.kz / Болат Айтмолда
Фото © Tengrinews.kz / Болат Айтмолда

Біз сондай-ақ Назарбаев даңғылы мен Қабанбай батыр көшесінің қиылысындағы "Түрксіб үйінде" болдық. Мұнда қасбетті жаңарту жұмыстары басталып кеткен: ғимараттың төменгі қабаттары құрылыс ағаштарымен жабылған. Реконструкциядан кейін нысанның нақты қалай көрінетіні әзірге хабарланған жоқ.

Фото © Tengrinews.kz / Болат Айтмолда
Фото © Tengrinews.kz / Болат Айтмолда
Фото © Tengrinews.kz / Болат Айтмолда
Фото © Tengrinews.kz / Болат Айтмолда

Реновация еліміздің танымал тұлғаларының есімдерімен байланысты үйлерге де қатысты болды. Кейбір ғимараттарда мемориалдық тақталар сақталып қалған.

Фото © Tengrinews.kz / Болат Айтмолда
Фото © Tengrinews.kz / Болат Айтмолда

"Тарихи контекст ескеріледі": әкімдік не дейді?

Алматы әкімдігі сынға жауап ретінде реновацияның басты мақсаты – ғимараттардың "тарихи болмысын ұқыпты сақтай отырып", олардың сыртқы келбетін жаңарту екенін айтады.

"Алматыбасжоспар" бас директоры Асхат Садуовтың айтуынша, 1950-жылдардың соңында салынған ғимараттарды жаңарту объективті түрде қажет. Оның сөзінше, бағдарлама үйлердің жылу және дыбыс оқшаулауын жақсартады, сондай-ақ оларды ылғалдан қорғайды.

"Бағдарламаға бірінші кезекте қасбеттері жаңартуды қажет ететін 1950-жылдардың соңында салынған үйлер енгізіледі. Маңызды критерий - олардың қаланың сәулеттік келбетін қалыптастыратын магистральдық көшелерде орналасуы. Жобалық шешімдерді қалыптастыру кезінде тарихи контекст пен қалыптасқан сәулет ансамблінің ерекшеліктері ескеріледі", - деп атап өтті урбанист.

Алмалы ауданының әкімі Арман Шамшин жұмыс басталмас бұрын шенеуніктердің әр үйдің тұрғындарымен кездесулер өткізіп жатқанын атап өтті.

"Жобаның түпкілікті шешімдері тек меншік иелерінің пікірін ескере отырып қабылданады. Ақпараттандырудың негізгі құралы – жұмыс басталғанға дейінгі тұрғындармен тікелей кездесулер, онда іске асырудың барлық кезеңдері егжей-тегжейлі түсіндіріліп, қарсы ұсыныстар қабылданады", – деп түсіндірді Шамшин.

Медеу ауданының әкімдігі Назарбаев даңғылы, 128 мекенжайындағы Түрксіб үйіне қатысты жағдайға жеке түсініктеме берді. Ведомство онда таспен қаптау жоспарланбағанын, жобада тек қазіргі қасбетті қалпына келтіру және сырлау қарастырылғанын жеткізді.

Фото © Tengrinews.kz / Болат Айтмолда

"Тыныс алатын" тастар

Материалдардың сапасына Қазақстанның тас өңдеу саласы одағының басқарма төрағасы Дәурен Ағзымов кепілдік береді. Оның айтуынша, құрылысшылар қаптау үшін арнайы тасты пайдаланады.

"Оның құрылымы микрокеуекті. Ол қабырғалардың "тыныс алуына" мүмкіндік береді, бұл ылғалдың жиналуын және көгерудің пайда болуын болдырмайды, сонымен қатар тамаша жылу және дыбыс оқшаулағыш қызметін атқарады. Монтаждаудың қорытынды кезеңі – гидрофобизация, яғни қасбетті жауын-шашыннан қорғайтын және оның қызмет ету мерзімін айтарлықтай ұзартатын арнайы өңдеу", – деп атап өтті Ағзымов.

Фото © Tengrinews.kz / Болат Айтмолда

Редакция оқиғаның дамуын бақылауды жалғастырады.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама