ПОДЕЛИТЬСЯ
05 тамыз 2021 | 11:26
Кәсіби бухгалтерлікке үміткерлер сертификаттаудан өте ме? Министрлік жауабы
Қаржы министрлігі кәсіби бухгалтерлікке үміткерлерге сертификаттау өткізбейді. Бұл туралы министрліктің Telegram-арнасындағы хабарламада айтылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қаржы министрлігі кәсіби бухгалтерлікке үміткерлерге сертификаттау өткізбейді. Бұл туралы министрліктің Telegram-арнасындағы хабарламада айтылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Департамент мәліметінше, әлеуметтік желілерде "Қаржы министрлігі кәсіби бухгалтерлерді сертификаттайтыны туралы жалған ақпарат" пайда болған.
"Министр бұйрығы жобасын әзірлеу шеңберінде кәсіби бухгалтерлердің Этика кодексінің енгізілуіне байланысты Халықаралық бухгалтерлер Федерациясы 25.06.2014 жылғы № 291 бұйрығымен бекітілген кәсіби бухгалтерлерге кандидаттарды сертификаттауды жүргізу қағидаларына түзетулер енгізуді ұсынады. Ережелер, соның ішінде кәсіби бухгалтерлікке үміткерлерді сертификаттау бойынша пәндерді өзгерту мен толықтыруды және онлайн режимде емтихандар өткізуді қарастырады. Қаржы министрлігіне кәсіби бухгалтерлерге кандидаттарды сертификаттау бойынша құзыреттерді беру (емтихан қабылдау) бөлігінде түзетулер енгізу көзделмейді", - деді Қаржы министрлігіндегілер.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также