29 маусым 2022 | 09:01

Қашағанда газ өңдеу зауытын салып жатқан компания мемлекетке өтеді

Қашағанда газ өңдеу зауытын салып жатқан GPC Investment компаниясы республикалық меншікке өтеді. Үкімет тиісті қаулыны қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қашағанда газ өңдеу зауытын салып жатқан GPC Investment компаниясы республикалық меншікке өтеді. Үкімет тиісті қаулыны қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"GPC Investment" ЖШС жарғылық капиталына қатысу үлестерінің 100 пайызын сыйға тарту шарты бойынша республикалық меншікке беру туралы "Tau Bereke Group" ЖШС-ның ұсынысы қабылдансын", - делінген қаулы мәтінінде.

Айта кетейік, "GPC Investment" компаниясы – "Қашаған кен орны шикізатының базасында қуаты текшесіне 1,15 миллиард метр газ өңдеу зауытын салу" жобасының операторы.

Реклама
Реклама

"Жеке инвестордың жобаны іске асыруды жалғастырудан бас тартуына байланысты GPC Investment компаниясы "QazaqGaz" ҰК" АҚ балансына беріледі.

Өз кезегінде, бұл ішкі нарықты бағасы қолжетімді тауарлық және сұйытылған газбен қамтамасыз етуді арттыруға, сондай-ақ зауыт құрылысының жобасын уақытылы жүзеге асыруға мүмкіндік береді", - дейді үкіметтегілер.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная