ПОДЕЛИТЬСЯ
05 қараша 2018 | 15:09
Каскадердің өлімі: Алматы полицейлері өлім себебін анықтап жатыр
Каскадер Қасым Жұмағожиннің өліміне қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр. Бұл туралы Алматы қалалық полиция департаментіндегілер айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Каскадер Қасым Жұмағожиннің өліміне қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр. Бұл туралы Алматы қалалық полиция департаментіндегілер айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Каскадердің өлімінің себебін анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалды.
"Қазіргі уақытта Алматы қалалық Медеу ауданының Полиция басқармасының Тергеу бөлімшесіндегілер 2018 жылдың 3 қарашасына қараған түні "ТСБ" түнгі клубында қайтыс болған 1984 жылғы Жұмағожиннің өліміне қатысты істі тергеп жатыр", - деп хабарлады полиция департаментінің қызметкерлері.
Сондай-ақ, кешенді жедел-тергеу шаралары жүргізіліп жатқаны айтылады. Нәтижесінде болған оқиғаның мән-жайы анықталып, процессуалдық шешім қабылданады.
Мұның алдында Қасым Жұмағожиннің жары Альбина каскадердің өліміне қатысты жалған ақпарат таратушы әлеуметтік желі қолданушыларына үндеу жариялаған болатын.
Еске сала кетейік, 4 қарашада Nomad Stunts командасының өкілі, қазақстандық танымал каскадер Қасым Жұмағожиннің қайтыс болғаны жайлы хабарланған болатын. Ал кейінірек Nomad Stunts командасындағылар танымал каскадер Қасым Жұмағожиннің өліміне қатысты мән-жайды айтып берген еді. Nomad Stunts тобының коммуникациялар жөніндегі менеджері Евгения Лидің айтуынша, 3 қарашада Қасым Жұмағожин әріптестерімен бірге барлардың бірінде шоу-бағдарламаға қатысқан. Сценарий бойынша ол асылып тұрған мумияны сомдаған.
Показать комментарии
Читайте также