Қаскелеңде 21 жастағы қыз кісі қолынан қаза тапты

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Қаскелеңде 21 жастағы қыз өлі табылды. Полиция күдіктіні ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қаскелеңде 21 жастағы қыз өлі табылды. Полиция күдіктіні ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы облыстық Полиция департаменті мәліметінше, оқиға 15 қазанда болған. Бұл хабар қоғамда үлкен резонанс тудырды.

Полиция департаменті адам өлтіру дерегін растады және қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

Реклама
Реклама

"Полиция қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру шаралары барысында 20 жастағы күдікті ізін суытпай ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Ол қылмысын мойындады", - делінген ведомство хабарламасында.

Қазіргі уақытта бұл іс бойынша қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама