Қаскелеңде қамауға алынған адам қашып кетті: ІІМ пікір білдірді

Фото: Алматы облысы ПД

Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха Қаскелеңдегі сот аумағынан қамауға алынған адам қашып кетуіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха Қаскелеңдегі сот аумағынан қамауға алынған адам қашып кетуіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мәжіліс дәлізінде журналистер Игорь Лепехадан оқиғаның егжей-егжейін сұрады.

"Иә, қашып кетті, қылмыстық іс қозғалды. Іздеп табамыз. Біздің қызметкерлерге немқұрайлық бойынша қылмыстық іс қозғалды", - деді министрдің орынбасары.

Реклама
Реклама

Еске салайық, бұған дейін 1 сәуірде Қаскелеңде кісі зорлады деген күдікті сот аумағынан қашып кеткені хабарланды.

Алматы облысы Полиция департаменті мәліметінше, сотқа дейін қамауға алынған адам қашып кетуіне қатысты қылмыстық іс қозғалған. Қашқынды ұстау бойынша іс-шаралар қабылданған.

Сонымен қатар, болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында қызметтік тексеріс тағайындалған.

Әлеуметтік желілерде облыста "Сирена" арнайы жоспары енгізілгені, патрульдер күшейтіліп, блокбекеттер орнатылғаны туралы ақпарат тарады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама