17 тамыз 2021 12:45

Қаскелеңде карантинде той өткізгендер анықталды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: instagram.com/police_karasay

Бақылау тобы Қаскелеңде карантин режимін бұзған мейрамхананы анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бақылау тобы Қаскелеңде карантин режимін бұзған мейрамхананы анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қарасай ауданы ПБ полицейлері карантин режиміне қарамастан жұмысын жалғастырған кафе-мейрамханаларды анықтады. 2021 жылдың 14 тамызында сағат 17:14-те тексеру барысында Қарасай ауданындағы "МұзТау" мейрамханасы карантинді сақтамай той ұйымдастырып, өткізіп жатқаны анықталған.

Сонымен қатар, келушілердің дене қызуын өлшеу жүргізілмегені анықталды. Деректерге қатысты жинақталған материалдар шара қабылдау үшін Қарасай ауданы бойынша Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына жолданған.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram