ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 01 сәуір 2025 15:58
Қаскелеңде күдікті сот аумағынан қашып кетті: полиция үндеу жасады
Қазақстандық БАҚ 1 сәуірде таңертең Алматы облысындағы аудандық соттың аумағынан сотқа дейінгі қамаудағы 1995 жылы туған күдікті қашып кеткенін хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Осыған байланысты облыс аумағында "Сирена" арнайы жоспары енгізілген.
Алматы облысының полициясы мәліметінше, тергеу-қамаудағы адамның қашуы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Қашқынды ұстау үшін жедел іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.
Сонымен қатар, полиция оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында қызметтік тексеріс басталғанын мәлімдеді.
"Азаматтарды сабыр сақтауға шақырамыз. Іздеудегі адамның орналасқан жері туралы қандай да бір ақпаратыңыз болса, дереу 102 нөміріне хабарлауды сұраймыз", – деп үндеу жасады Алматы облысының полиция департаменті.
Күдіктінің зорлауға қатысты күдікке ілінгені айтылды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу