19 ақпан 2024 | 17:12

Қаскелеңдегі жұқпалы аурулар ауруханасында түсірілген кадрлар қазақстандықтарды шошытты

видео кадры

Қаскелеңдегі жұқпалы аурулар ауруханасында түсірілген кадрлар қазақстандықтарды шошытты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қаскелеңдегі жұқпалы аурулар ауруханасында түсірілген кадрлар қазақстандықтарды шошытты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Желіде видео пайда болды.

"Қорқынышты түс пе? Жоқ, бұл Қарасай ауданындағы жұқпалы аурулар ауруханасы", - деп жазады автор.

Реклама
Реклама

"Қарасай ауданындағы жұқпалы аурулар ауруханасы. Қызылша жұқтырған балалардың қандай жағдайда жатқанын қараңыздаршы. 80 адамға бір дәретхана мен бір раковина... Видео қорқынышты фильмнің үзіндісі сияқты", - делінген видео сипаттамасында.

Қазақстандықтар медициналық мекеменің жағдайына түрлі пікір жазып жатыр. Ал Қарасай ауданының тұрғындары аурухананың бірнеше жылдан бері жөндеуді қажет ететінін жазып жатыр.

Клиникалық көпсалалы орталық облыстық клиникалық аурухана мәліметінше, видеодағы жұқпалы аурулар бөлімінің ғимараты 1938 жылы салынған.

"Бүгінде жұқпалы аурулар ауруханасын күрделі жөндеуге арналған жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр. Ескі корпус жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін босатылды. Жұқпалы ауруға шалдыққан науқастар санының өсуіне байланысты олар осы үй-жайларды уақытша пайдалануға мәжбүр болды. Жағдай тұрақталғаннан кейін пациенттер басқа бөлімшелерге орналастырылады", - деп хабарлады аурухана әкімшілігі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная