10 қараша 2018 | 09:13

Kaspi Bank туралы жалған хабарлама таратқан адам ұсталды

© nb.kz

Kaspi Bank банкрот болды деп жалған хабарлама таратқан адам табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Kaspi Bank банкрот болды деп жалған хабарлама таратқан адам табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы Полиция департаментінің қызметкерлері ҚР ҚК 274-бабы 2-бөлігінде қарастырылған қылмысты жасаған күдіктіні анықтап, ұстады.

Реклама
Реклама

"Астананың 35 жастағы тұрғыны айдың басында Kaspi Bank басшысы мен қызметіне қатысты әлеуметтік желі арқылы жалған хабарлама таратқан. Қазіргі таңда полиция қызметкерлері тергеудің тиісті кешенді әрі шұғыл шараларын қолға алды, олардың арасында бұл қылмысқа тағы қандай адамдардың қатысы бар екенін анықтау шаралары бар", - деді ведомсвтодағылар.

Еске сала кетейік, бұған дейін WhatsApp мессенджерінде хабарлама тарап, онда бір жігіт қазақ тілінде барлығына Kaspi-дегі шоттарын босатуға шақырды. Себебі басшылықтағылар қашып кеткен-мыс. Кейін Kaspi басшысы Михаил Ломтадзе мәлімдеме жасады.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная