ПОДЕЛИТЬСЯ
03 қараша 2018 | 17:40
Kaspi басшысы Михаил Ломтадзе мәлімдеме жасады
Kaspi Bank басшысы Михаил Ломтадзе салымшыларға мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Kaspi Bank басшысы Михаил Ломтадзе салымшыларға мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Видео компанияның ресми парақшасында пайда болды. Онда Михаил Ломтадзе Қазақстанда екенін және алдағы тұсаукесер жұмыстарымен айналысып жатқанын хабарлайды.
"Бүгін сенбі, 3 қараша. Көпшілігіңізге мен қалада жоқпын, сондықтан бізде қиындықтар болып жатыр деген хабарлама келген. Мен кеңседемін, жұмыс істеп жатырмын. (...) Сіздерге шын жүректен сенбіні жақсы өткізулеріңіді тілейміз", - дейді компания басшысы.
Мұның алдында WhatsApp мессенджерінде белгісіз жігіт қазақ тілінде барлығына Kaspi-дегі шоттарын босатуға шақырған. Себебі басшылықтағылар кеткен-мыс.
Жауап ретінде Kaspi компаниясы баспасөз қызметінің атқарушы директоры Маржан Елшібаева Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасына басшысының 1 қарашада шыққан "Казахстанская правда" газетімен түскен суретін жариялады.
"Оның кабинетіне кірсем Казправданың жаңа басылымы тұр екен. Сенбейтіндер суретті жақындатып уақытын көрсе болады. Журналистердің бастық қайда деген сұрағына осылай жауап бердік...", - деп жазған Маржан Елшібаева.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Обращение Михаила Ломтадзе из головного офиса Kaspi! Разошлите друзьям ????
Публикация от Kaspi.kz (@kaspibank) 3 Ноя 2018 в 12:19 PDT
Показать комментарии
Читайте также