Каспий жағалауындағы су қызыл түске боялды

© lada.kz

Ақтаудағы бірінші ықшамауданды жағалай "Шағала" қонақүйінен бастап "Нұр плаза" жағажайына дейінгі аралықта Каспий теңізінің жағалауындағы су қызыл түске боялды. Жағада балдырлар мен теңіз өсімдіктері көптеп жатыр, - деп хабарлады Lada.kz.

"Су шамамен екі апта бұрын қызыл түске бояла бастады. Ол кезде қатты білінбейтін. Ал қазір теңізге көп қан төгілгендей", - дейді жағалауға жақын маңда жұмыс істеп жүргендер.

Басылымның мәліметінше, 2017 жылы мамырда Ақтау тұрғындарын теңіз суының түсі тағы да ойландырып қойған еді. Ол кезде экология департаментіндегілер жағалауға теңіз өсімдіктерінің шығып қалғанын айтқан.

Реклама
Реклама

Lada.kz Маңғыстау облыстық экология департаментіндегілерден бұған қатысты түсінік беруді өтінді.

© Lada.kz

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама