31 наурыз 2022 | 17:18

Kaspi.kz және Halyk Bank қосымшаларында цифрлық құжаттар пайда болды

Қазақстандық банктердің мобильдік қосымшаларында цифрлық құжаттар пайда болды. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандық банктердің мобильдік қосымшаларында цифрлық құжаттар пайда болды. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Былтырғы жылдың аяғынан бері "ҰАТ" АҚ, Kaspi және Halyk мамандарымен бірге Цифрлық құжаттарды мобильді қосымшаларға шығару бойынша жұмыс атқарып жатырмыз. Бүгін осы мүмкіндік ресми түрде іске қосылады",- деп жазды Бағдат Мусин Facebook-те.

Министр қазір 10 миллион қазақстандық тұрақты түрде цифрлық құжаттар сервисін қолданатынын айтты.

Реклама
Реклама

"Бұл өте ыңғайлы, өзіңмен бірге құжаттың түпнұсқасын алып жүру қажет емес. Бүгіннен бастап сервис Kaspi.kz және Halyk Homebank қосымшаларында қолжетімді. Себебі халық мемлекеттік қызметтерге біздің ғана емес, өздеріне ыңғайлы, күнделікті қолданатын арналары арқылы қол жеткізгенін қалаймыз", - деді ол.

Бұл функционал адамның өз келісімі болған жағдайда ғана қосылатынын айта кеткен жөн. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная