12 қазан 2020 | 07:33

Каспий маңында өртенген қамыстың түтіні Атырауға жетті. Ұшақтан түсірілген видео

Фото azh.kz сайтынан

Каспий теңізінің жағалауында тағы қамыс өртенді. Атырау тұрғындары жексенбі күні ыстың иісін сезді, қаладағы бірнеше ауданға түтін жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Каспий теңізінің жағалауында тағы қамыс өртенді. Атырау тұрғындары жексенбі күні ыстың иісін сезді, қаладағы бірнеше ауданға түтін жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасап.

ТЖД қамыстың өртенгенін 10 қазанда тіркеді. Жолаушылар ұшағынан түсірілген кадрларларды өрт алпауыт болып көрінеді. Басылымның мәліметінше, өрт қашан сөндірілетіні белгісіз, себебі жергілікті өрт сөндірушілерде батпақтың ішіндегі өрт ошағына жететін техника жоқ.

Реклама
Реклама

 Фото: azh.kz сайтынан

ТЖД дерегіне сүйенсек, өрт ошағы Алғабас ауылынан 43 шақырым қашықтықта және елді мекендерге қауіп жоқ. Тек "ВАЗ-21214" маркалы көлік пен "Фрегат" резеңке қайығы өртеніп кеткен.

"10 қазаннан бастап Каспий жағалауында құрғақ шөп (қамыс) өртеніп жатыр. 11 қазан сағат 11:35-те су шашатын құрылғысы бар "МИ-171" тікұшағы барлау үшін көтерілді. Сонда  шамамен 5 шақырым ұзындықта 1,5 гектар жер өртеніп жатқаны анықталды. 750 гектар жер өртеніп кеткен. Елді мекендерге қауіп болмаған соң өрт төбеден сөндірілген жоқ. Сондай-ақ суды тек 32 шақырым жердегі "Перетаска" каналынан тасуға болады. Мұның еш мәні жоқ. Қазір өртті "Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмысы қызметі" ММ сөндіріп жатыр", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар өрт сөндіруге Атырау облысы ТЖД 29 маманы 5 техника және 3 мотопомпамен жұмылдырылған.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная