12 қазан 2022 | 10:08

Каспий теңізі суының түсі өзгеріп жатқаны видеоға түсірілді

Дина Шарипханова Корреспондент
видео кадры

Куәгерлер Каспий теңізі жағалауындағы судың түсі өзгеріп жатқанын видеоға түсіріп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі inAktau.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Куәгерлер Каспий теңізі жағалауындағы судың түсі өзгеріп жатқанын видеоға түсіріп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі inAktau.kz сайтына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, Приморский тұрғын алабындағы судың түсі өзгеріп, лас қоңыр түске айналған. Видео 11 қазанда Instagram желісіндегі @podslushano_aktau-парақшасында жарияланған.

Реклама
Реклама

Табиғат құбылысына Маңғыстау облысының Экология департаменті пікір білдірді. Облыстың бас экологы Руслан Төкеновтің айтуынша, оқиға орнына мамандар жіберілген. Оның айтуынша, судың түсінің өзгеруіне жыл сайынғы құбылыс – қоңыр балдырдың жағаға шығуы әсер еткен.

Алайда кейінірек журналист Кирилл Павловтың Telegram-арнасында оқиға орнынан тағы бір видео пайда болды, онда Каспий теңізіне су төгетін арнадан қоңыр су құйылып жатқаны көрсетілген.

Руслан Төкенов 11 қазанда экологтар "МАЭК-Қазатомөнеркәсіп" ЖШС каналынан су ағып жатқанын анықтағанын айтып, жауап берді.

"Су сынамаларын алдық, бүгін сынақтар жасаймыз және нәтижесі бойынша тиісті шараларды қабылдаймыз", - деп қысқаша түсіндірді ол.

Облыстық Экология департаментінің басшысы басқарма мамандары тексеру қорытындысын алғаннан кейін видеоға қатысты қосымша түсініктеме беруге уәде берді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная