Каспий теңізі таяздап барады: Желіде алаңдатарлық видео пайда болды

Нұркен Тәжібай/видео кадры

Тревел-блогер Нұркен Тәжібай Каспий теңізін әуеден түсіріп көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тревел-блогер Нұркен Тәжібай Каспий теңізін әуеден түсіріп көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тревел-блогер әрі видеограф Нұркен Тәжібай парақшасында Каспий теңізі жағалауын дрон арқылы түсірген видеосын жариялады. Кадрларда жағалау сызығы бұрын су болған жерден қалай алыстап кеткені көрсетілген.

Реклама
Реклама

"Теңізіміз алысқа кетіп қалыпты былтырға қарағанда. Каспий тез таяздап барады", - деп жазды блогер.

Пікір білдірушілер бұл құбылысқа алаңдап отыр. Біреулер бұл жағдайды "апат" деп бағаласа, енді бірі бұл адамның ықпалы мен мұнай өндіруге байланысты болуы мүмкін деп жазады. Кейбірі табиғи себептер мен қабат деңгейіндегі циклдік өзгерістерді жоққа шығаруға болмайтынын атап өткен.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама