Каспий теңізінде су деңгейі көтерілді

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Су ресурстары және ирригация министрлігі Каспий теңізінің солтүстік-шығыс бөлігінде су деңгейінің көтерілгенін хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Су ресурстары және ирригация министрлігі Каспий теңізінің солтүстік-шығыс бөлігінде су деңгейінің көтерілгенін хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министрлік мәліметінше, жыл басынан бері Каспий теңізінің деңгейі 119 сантиметрге көтерілген. Бұған сәуір-мамырда Жайық өзені арқылы тасқын судың мол келуі ықпал еткен. Су тасқыны кезінде Каспий теңізіне Жайық өзені арқылы шамамен 7,4 миллиард текше метр су түскен. Су тасқынын теңізге жіберу үшін "Қазсушар" филиалы Атырау облысы бойынша қосымша арналарды пайдаланды. Олар арқылы Каспийге 350 миллион текше метр су келді.

"Су қоймаларында тасқын су жиналып қана қоймай, 12,4 миллиард текше метр су тоғандарға, сағалар мен шалғындарға жіберілді. Су тасқыны басталғаннан бері Балқаш көліне 3,3 миллиард текше метр су жіберілді. Сонымен қатар, Солтүстік Аралды белсенді толтыру жалғасып жатыр, онда жыл басынан бері 1,1 миллиард текше метрден астам су келген", - деді су ресурстары және ирригация вице-министрі Нұрлан Алдамжаров.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная