ПОДЕЛИТЬСЯ
20 тамыз 2024 | 13:59
Каспий теңізінің жағалауындағы учаске мемлекетке қайтарылды
Каспий теңізінің жағалауында орналасқан 50 гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Каспий теңізінің жағалауында орналасқан 50 гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Келіп түскен өтініш негізінде Маңғыстау облысының Жер ресурстарын басқару департаменті ЖШС қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізді. Тексеру кезінде мұнай терминалын салуға және орналастыруға арналған жалпы ауданы 50 гектар жер учаскесі ұзақ уақыт бойы мақсатына сай пайдаланылмағанын анықталды. Кадастрлық құны 445 миллион теңге болатын жер учаскесі Қарақия ауданындағы Каспий теңізінің жағалауында орналасқан.
Жер учаскесінің меншік иесіне жер заңнамасы талаптарының бұзылуын жою туралы нұсқама берілді. Сондай-ақ серіктестікке 345 000 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.
"Департамент жер учаскесін мемлекет меншігіне мәжбүрлеп алып қою туралы сотқа талап арыз берді. Талап - арыздар қанағаттандырылды, сот шешімі заңды күшіне енді", - деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігі.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также