Каспийді сақтауға 1,1 миллиард теңге бөлінді

Дина Шарипханова Корреспондент
Каспийді сақтауға 1,1 миллиард теңге бөлінді Фото:depositphotos.com

Үкімет Каспийді зерттеуге және сақтауға 1,1 миллиард теңге бөлді. Тиісті қаулыға премьер-министр Олжас Бектенов қол қойған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үкімет Каспийді зерттеуге және сақтауға 1,1 миллиард теңге бөлді. Тиісті қаулыға премьер-министр Олжас Бектенов қол қойған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Президенттің Каспийді кешенді зерделеу және сақтау, сондай-ақ өңірдің экологиялық тұрақтылығын қолдау жөніндегі тапсырмаларын орындау шеңберінде Үкімет резервінен "Каспий теңізі Қазақ ғылыми-зерттеу институты" АҚ-ға 1,1 миллиард теңге бөлінді.

"Қаржыландыру институттың ғылыми әлеуетін жақсартуға ықпал етеді. Қаражатқа теңізде мониторинг жүргізу үшін негізгі жабдықтарды сатып алу және гидробиологиялық және гидрохимиялық зертханаларды жарақтандыру жоспарлануда, бұл теңіздің қазақстандық секторында болып жатқан процестер туралы өзінің ғылыми-негізделген базасын қалыптастыруға мүмкіндік береді", - делінген Үкімет хабарламасында.

Реклама
Реклама

Бүгінде ҒЗИ тиімді шараларды әзірлеу үшін халықаралық ғылыми қоғамдастыққа белсенді интеграцияланып жатыр, Каспий маңы елдерінің университеттері мен ғылыми-зерттеу орталықтарының қауымдастығына кірді.

Осы қаулыны жүзеге асыру үшін Экология және табиғи ресурстар министрлігіне барлық қажетті шараларды қабылдау, Қаржы министрлігіне бюджет қаражатының мақсатты пайдаланылуына қатаң бақылауды қамтамасыз ету тапсырылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама