Каспийде ер адамдар жабайы үйректерді қайықпен басып өтті. Желіде видео талқыланып жатыр

Видеодан алынған кадрлар

Желіде бірнеше ер адамның Каспийдегі жабайы үйректерді қайықпен куып, үстінен басып өткені түсірілген видео талқыланып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Желіде бірнеше ер адамның Каспийдегі жабайы үйректерді қайықпен куып, үстінен басып өткені түсірілген видео талқыланып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видеоны Азамат Сәрсенбаев жариялады. Кадрлардан ер адамдардың моторлы қайыққа мініп, жабайы үйректер отарына шабуыл жасағандарын көруге болады. Алдын ала болжам бойынша, қайықта жергілікті балықшылар отырған. Видеода олар шеңбер жасап, құстарға қайта жақындайды. Соңында су бетінде қалқып жатқан, зардап шеккен үйректерді, қанға боялған суды көруге болады.

"Міне, осындайларды тауып, қатаң жазалау керек. Олар итбалықтарды ұрып-соғып, итті тоңазытқыштың есігімен тұншықтырған адамдардан да нашар. Оқиға Форт-Шевченко ауданында болуы мүмкін (болжам)", - деп жазған Азамат Сәрсенбаев видео сипаттамасында.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама