ПОДЕЛИТЬСЯ
19 шілде 2022 | 14:41
Каспийдегі 220 итбалықтың қырылуы: министр себептеріне тоқталды
Қазақстанда 2022 жылдың басынан бері 220 Каспий итбалығы өлі табылды. Бұл туралы экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстанда 2022 жылдың басынан бері 220 Каспий итбалығы өлі табылды. Бұл туралы экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Жыл басынан бері Қаражанбас аудандары мен Түпқараған түбегінің оңтүстік-батыс шетінен табылған итбалықтардың жалпы саны 220 болды.
Бұл жұмысқа Балық шаруашылығы комитеті ғылыми ұйымдар, мекемелер, Гидробиология және экология институты, Микробиология және вирусология ғылыми өндірістік орталығы, Қазақстан қолданбалы экология агенттігі, сондай-ақ, мүдделі мемлекеттік органдар, Маңғыстау облысы, Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің аумақтық бөлімшелерін тартты", - деді Брекешев ОКҚ брифингінде.
Оның айтуынша, жануардың қырылу себептерін анықтау үшін Балық шаруашылығы комитеті ғалымдарды, Гидробиология және экология институтын, Микробиология және вирусология ғылыми өндірістік орталығын, Қазақстанның қолданбалы экология агенттігін және мүдделі мемлекеттік органдарды тартқан.
"Жұмыс тобы мынадай қорытындыға келді. Табылған жануар өлекселері қатты ыдырап жатты. Бұған Микробиология және вирусология ғылыми-өндірістік орталығының ветеринарлық қызметкерлеріне ыдырау дәрежесін ескере отырып, токсикологиялық, гестологиялық және вирусологиялық зерттеу жүргізіп, тіндерді іріктеу мүмкін болмады. Теңіз жануарлары бірнеше ай бұрын өлгені анықталды", - деді экология министрі.
Ол тек 67 итбалық өлексесі тексерістен өткенін айтты. Ал шамамен 25 пайызының немесе 17-сінің денесінде өлімге әкелуі мүмкін механикалық әсерлердің іздері болғаны анықталған.
"Механикалық әсердің себептері мыналар болуы мүмкін: итбалықтардың балық аулау торларына түсіп қалуы, итбалықтардың тыйым салынған аулау құралдарына түсуі - қармақ - аулаудың жабайы әдісі. Біздің елде аулаудың мұндай түріне тыйым салынған. Зерттелгендердің 19-ының ғана жасын анықтау мүмкін болды, оның 52 пайызы немесе 10-ы 2021-2022 жылдың қысында туған итбалықтар", - деді Серікқали Брекешев.
Оның айтуынша, 2021-2022 жылғы қыс итбалықтың көбеюіне қолайсыз болған. Экология министрлігі басшысының айтуынша, итбалықтың табиғи өліміне осы фактілер себеп болған. Жалпы, табылған ең ересек итбалықтың жасы 13-те. Барлық өлекселер тексеріліп, қажетті өлшемдер жүргізілгеннен кейін санитарлық нормаларды сақтай отырып кәдеге жаратылды.
"Тағы бір нәрсе – бұл итбалықтардың өлімін көпшілік Қашаған кен орнын игеріп жатқан NCOC компаниясының тереңдету жұмыстарымен байланыстырады. Бұл туралы қорытындыда да айтылған. Онда 2021 жылғы зерттеудің нәтижелері тереңдету жұмыстары айтарлықтай зиян келтірмеген делінеді", - деп түсіндірді Брекешев.
Министрдің айтуынша, зоопланктон мен фитопланктондық организмдер мен макрозообентозға орташа маңыздылық дәрежесі әсер етеді, бұл 2020 жылға арналған қоршаған ортаға әсерді бағалау жобасына сәйкес келеді.
"Тұңғиық түбін тереңдету жұмыстары кезінде теңіз ағзаларына, соның ішінде Каспий итбалығына әсерін азайту және әсер ету бойынша барлық қажетті шаралар қабылданып жатыр. Бұл ретте өлі итбалықтар табылған жерден Маңғыстау облысы бойынша Экология департаментімен ауа сынамалары алынды. Құрамында зиян заттар болмаған. Су үлгілері металдың шекті рұқсат етілген концентрациясынан аздап асып кеткен: никель – текше дециметрге шамамен 400 миллиграмм. Бұл бірқатар ғалым, эколог, зоолог қол қойған қорытынды", - деді ведомство басшысы.
Маусымдағы алтыншы Каспий саммиті кезінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Каспий итбалықтарының ауыр жағдайын айтты.
"Каспий итбалығы - эндемик және Каспий теңізінің фаунасындағы сүтқоректілердің жалғыз өкілі. Ол бүкіл су қоймасы бойынша қоныс аударып жүзеді. Ол - трансшекаралық биоресурс. Олардың жойылуы қатты алаңдатады", - деді Мемлекет басшысы.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также