19 қаңтар 2023 | 09:10

Кәсіпкер Мухоряповқа қатысты іс тоқтатылды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Кәсіпкер, Choco холдингінің негізін қалаушы әрі атқарушы директоры Рамиль Мухоряповқа қатысты іс тоқтатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Кәсіпкер, Choco холдингінің негізін қалаушы әрі атқарушы директоры Рамиль Мухоряповқа қатысты іс тоқтатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы Полиция департаменті мәліметінше, Рамиль Мухоряповтың ісі бойынша әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, таптық және діни алауыздықты қоздырғаны туралы деректі тексеру үшін соталды тергеу жүргізілген.

"Соталды тергеу нәтижелері бойынша қылмыстық қудалау органы қылмыстық құқықбұзушылық құрамы болмауына байланысты қылмыстық істі тоқтату туралы шешім шығарды. Бұл шешім ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 2-тармағы 35-бабы 1-бөлігі бойынша қабылданды. Алматы прокуратурасы қабылданған іс жүргізу шешімімен келісті", - деді Алматы прокурорының орынбасары Нұрлан Ауғанбаев.

Реклама
Реклама

Еске салайық, бұған дейін кәсіпкердің қазақ тіліне қатысты айтқан мәлімдемесі Желіде дау туғызған болатын. Қазнетте кәсіпкер Рамиль Мухоряпов жиындардың бірінде шетелден келіп жатқан ресейліктерге оларды түсіне тұра, қазақ тілінде жауап беру "біртүрлі әрі ұлтшылдықтың белгісі" екенін айтқан видео тараған еді. Қазақстандықтар кәсіпкердің бұл мәлімдемесіне наразы болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная