Кәсіпкер Шымкенттегі аттракциондар саябағын бұзуға міндеттелді

Фото:depositphotos.com

Шымкентте кәсіпкер балалар орталығының орнына мемлекет жеріне аттракциондар паркін орналастырған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шымкентте кәсіпкер балалар орталығының орнына мемлекет жеріне аттракциондар паркін орналастырған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2011 жылы ЖШС Шымкенттің орталығында орналасқан саябақтан 4 гектар жер телімін жалға алған.

"Алайда, жалға алушы балалар орталығын салу міндетін орындаудың орнына, онда "Қиял әлемі" ойын-сауық саябағын орналастырған. Кейінгі жылдары бұл орында өрт шығып, қайғылы оқиғалар салдарынан екі студент пен бір адамның өліміне әкеліп соққан келеңсіздіктер болған. Әкімдік ЖШС-ның жалдау шартының талаптарын бұзғанын алға тартып, оны жарамсыз деп тану туралы талап қоюмен сотқа жүгінген", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

МАЭС-ы және апелляция ЖШС-ны жер телімін коммуналдық меншікке қайтаруды міндеттеді.

"Бұл шешім заңды күшіне енгеннен кейін әкім саябақтағы заңсыз салынған құрылыстарды ЖШС есебінен бұзып, жер телімін бұрынғы қалпына келтіру туралы талап қоюмен сотқа жүгінген. Сотта ЖШС жер теліміне орналасқан аттракциондарды, әткеншектерді және басқа да құрылыстарды пайдалануға қабылдау актілерін заңнамада белгіленген тәртіппен ресімдеу туралы дәлелдемелерді ұсынбаған.

Сот жоғарыда аталған мән-жайларды, сондай-ақ ЖШС-ның жер телімін заңсыз пайдалану дерегін ескере отырып, талап қоюды қанағаттандырып, ЖШС-ны рұқсатсыз иеленген 4 гектар жер телімін ғимараттарды бұзу арқылы бастапқы күйіне қайтарып босатуды міндеттеді".

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама