15 желтоқсан 2018 | 17:06

Кәсіпкерлер Тәуелсіздік күні қарсаңында қызылордалықтарға тарту жасады

Кәсіпкерлер тәуелсіздік күні қарсаңында қызылордалықтарға тарту жасады. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Кәсіпкерлер тәуелсіздік күні қарсаңында қызылордалықтарға тарту жасады. 

Мемлекет басшысының кәсіпкерлік саласын дамытуға көрсеткен зор қолдауының арқасында және аймақ басшысы Қырымбек Елеуұлының тікелей бастамасымен 2021 жылға дейінгі алдағы 3 жыл "Қызылорда облысында кәсіпкерлікті қолдау жылы" болып белгіленіп, осы саланы дамытуға жан-жақты жағдай жасалуда.

Реклама
Реклама

Осындай жаңа мүмкіндіктердің арқасында, Қызылорда қаласының бизнес климаты жақсарып, шағын кәсіпкерлікті дамыту бағытында айтарлықтай оң өзгерістер қалыптасты.

Оның бір дәлелі, облыс бойынша нақты жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік субъектілерінің 48,5 пайызы Қызылорда қаласының үлесінде.

Осы игілікті істердің жалғасы ретінде 16 желтоқсан ҚР Тәуелсіздігі күні қарсаңында Қызылорда қаласында бірнеше кәсіпкерлік нысан іске қосылды.

Солардың бірі қала орталығындағы Астана даңғылының бойында орналасқан ұлттық сүт өнімдері бағытындағы BALQAIMAQ дүкені.

Бұл жобаның құны 15 миллион теңге болса, оның 10 миллион теңгесі мемлекеттік бағдарламалар аясында "Микробизнес Қызылорда" өңірлік қаржы ұйымы арқылы жеңілдетілген несие және 5 миллион теңгесі жеке инвестиция есебінен қаржыландырылған.

Сонымен бірге, түйе жүнінен жасалатын өнімдерді шығару мақсатында "Бизнестің жол картасы 2020" бағдарламасының байқауына қатысып 1 миллион теңге көлемінде қайтарымсыз қаражатқа ие болған. Нәтижесінде аталған кәсіпкерлік нысанның екінші қабатында түйе жүнінен тұрмыстық бұйымдар, яғни көрпе-төсектер жасайтын тігін цехы іске қосылды.

Қала тұрғындарына мерекелік тарту ретінде ашылған келесі кәсіпкерлік нысан, SMALL көтерме сауда маркеті.

Жалпы аумағы - 5 мың 860 шаршы метрді алып жатқан сауда алаңында тұтынушыларға 12 мыңнан астам тауар түрлері ұсынылады.

Ең бастысы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға септігі мол бұл нысан, 134 адамға тұрақты жұмыс орынын ұсынып отыр. Қызылорда қаласында Smаll сауда бренді бойынша осымен төртінші нысан ашылып отыр.

Сонымен қатар, бүгін қала орталығындағы Байтұрсынов көшесінен еліміздің оңтүстік аймағында, әлемнің жетекші брендтерінің электроника тауарларын ұсынатын EVRIKA гипермаркеті ашылды.

Үш қабаттан тұратын ғимараттың жалпы аумағы 4 мың шаршы метрді құрайды. Құны - 350 миллион теңге болатын бұл жоба 50 қызылордалықты тұрақты жұмыспен қамтиды.

Жаңа кәсіпкерлік нысандардың ашылу рәсіміне қатысқан қала әкімі Нәлібаев, шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың маңызы мен оның өңір экономикасына, халықты жұмыспен қамту бағытында тигізер зор үлесі туралы айтты.

Расында, Сыр өңірінің бас шаһары - Қызылорда қаласында халықтың жайлы тұрмыс кешуіне барынша ыңғайлы жағдай жасау және жаңа жұмыс орындарын қалыптастыру үшін шағын және орта бизнесті дамыту, заманауи ірі сауда орындарын көбейту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная