21 қаңтар 2022 | 12:09

"Қасіретті қаңтардан" кейінгі залал шығынын кімдер және қалай өтей алады?

Жансая Қадыржанова Корреспондент

"Атамекен" Ұлттық палатасы өкілі қаңтардағы тәртіпсіздіктерден кейінгі шығын кімге және қалай өтелетінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

"Атамекен" Ұлттық палатасы өкілі қаңтардағы тәртіпсіздіктерден кейінгі шығын кімге және қалай өтелетінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Атамекен" ҰКП өңірлік кеңесінің төрағасы Максим Барышев қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде тонаушылардан зардап шеккендерге байланысты сұрақтарға жауап берді.

Өтемақы қалай есептеледі?

Реклама
Реклама

"4 негізгі топ құрылды:

  • ғимараттар мен құрылыстар,
  • жабдықтар мен жылжымалы мүлік,
  • тауарлар,
  • растайтын құжаттары болмаса.

Жоғалған мүлік құны немесе бүлінген мүлікті қалпына келтіру жұмыстарының бағасы өтеледі. Бірақ бұл сақтандырылған мүлікті қоспағанда жүзеге асырылады. Көлікті ұрлау деректері тәртіпсіздік кезінде көлік жойылғаны дәлелденген жайттарды қоспағанда, қылмыстық заңнама аясында тергеледі", - деді Барышев Алматыда кәсіпкерлер, журналистермен кездесуде.

Өтініш қанша уақыт қаралады және қаржы қашан аударылады?

"Өңірлік комиссиялар залалды өтеу жөніндегі өтінішті 5 күн ішінде қарайды. Мақұлданған жағдайда комиссия ұсынылған мәліметтер мен құжаттар негізінде қаражат бөлу туралы шешім шығарып, сома мөлшерін айқындайды. Ақша өтініш берушіге шешім қабылданған күннен бастап бір ай ішінде аударылады. Қаражат бюджет рәсімдеріне сәйкес мүлік иесінің өтінішінде көрсетілген шотқа немесе жинақ шотына түседі", - деп жауап берді Ұлттық палата өкілі.

Өтінішті қалай беруге болады?

"ЭЦҚ арқылы залалды өтеу туралы өтініш InfoKazakhstan.kz. платформасы арқылы беріледі. Өтінішке міндетті түрде бірнеше, оның ішінде меншік құқығын растайтын құжаттар қоса беріледі (тетіктің 14-тармағы). Тіркеу мәліметтерінен басқа, зардап шеккен ШОБ иесі мыналарды беруі қажет:

  • Алматыдағы жаппай тәртіпсіздік туралы қозғалған қылмыстық іс бойынша оны жәбірленуші деп тану туралы тергеу органы қаулысының көшірмесі;
  • мүлік сақтандырылмаған деген өтініш;
  • мүлік иесіне ұсынылатын құжаттардың дұрыстығы үшін қылмыстық жауаптылық туралы ескерткен жазбаша хабарламасы;
  • бағалау және сараптама ұйымдарының залалдың мөлшері туралы берілетін мәліметтердің анықтығы үшін қылмыстық жауаптылық туралы ескерткен жазбаша хабарламасы;
  • бүлінген немесе жойылған жылжымалы мүлік және ТМҚ үшін бағалау туралы есеп;
  • жоғалған (ұрланған) ТМҚ және жабдық үшін кейінгі жылдағы айналым сомалары туралы мемлекеттік кіріс органдарынан, фискалды деректер операторларынан мәліметтер сұратуға, алуға келісім;
  • тәртіпсіздіктер нәтижесінде мүлік бүлінгенін, жойылғанын, ұрланғанын растайтын сурет және бейнематериалдар болған кезде", - деп толықтырды Барышев.

Бағалау және аудит, қалпына келтіру шығындарын есептеу бойынша қызметтерге ақы төлеу бюджет және "Күш бірлікте" қоры қаражаты есебінен төленетіні айтылды.

"Егер кәсіпкер өңірлік комиссия анықтайтын сомамен келіспесе, ол сот-бухгалтерлік, сот-сараптамалық немесе сот-құрылыс сараптамалары белгілейтін нақты келтірілген залал сомасын өтеуді талап ету мүмкіндігіне ие болады", - деді Барышев.

Бұл тетік 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болады. Оны "Атамекен" ҰКП Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасы бойынша әзірледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная