Қасым-Жомарт Тоқаев Қосшы қаласының даму жоспарымен танысты

Қасым-Жомарт Тоқаев Қосшы қаласының даму жоспарымен танысты Фото: Ақорда баспасөз қызметі

Президентке елордаға іргелес орналасқан Қосшы қаласының инфрақұрылымдық даму жоспары таныстырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Президентке елордаға іргелес орналасқан Қосшы қаласының инфрақұрылымдық даму жоспары таныстырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қосшы қаласының әкімі Гайдар Қасеновтің айтуынша, елді мекенге 2021 жылы облыстық маңызы бар қала мәртебесі берілгеннен кейін тұрғындар саны 110 мың адамға жеткен.

Жалпы қаланың бас жоспары аясында 1,5 миллион шаршы метр тұрғын үй мен 45 әлеуметтік нысанның құрылысы жоспарланған.

Жарнама
Жарнама

Соңғы екі жылда қалада үш мектеп пайдалануға берілді. Тағы бір мектеп құрылысы аяқталуға жақын. Алдағы уақытта "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында үш білім ошағын, сондай-ақ екі балабақша салу көзделген.

Денсаулық сақтау саласында бір мемлекеттік емхана, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде екі емхана жұмыс істейді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама