01 тамыз 2024 12:07

Қасым-Жомарт Тоқаев Швейцария президентін құттықтады

Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Виола Амхердті Швейцарияның Ұлттық күнімен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қасым-Жомарт Тоқаев Виола Амхердті Швейцарияның Ұлттық күнімен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Швейцария Конфедерациясының Ұлттық күні мерекесіне орай осы елдің Президенті Виола Амхердке құттықтау жеделхатын жолдады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Швейцарияның қарым-қатынасы қарқынды дамып келе жатқанын атап өтіп, екі ел халықтарының игілігі үшін өзара серіктестіктің одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді.

Реклама
Реклама

Президент осы орайлы сәтті пайдалана отырып, Виола Амхердтің мемлекеттік қызметіне табыс, ал Швейцария халқына бақ-береке тіледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram