ПОДЕЛИТЬСЯ
05 ақпан 2020 | 11:43
Қасымбек Теміртаудағы "қара қар" мәселесін шешуге уәде берді
Қарағанды облысының әкімі Теміртау қаласының ластануы "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының металлургиялық комбинатынан шығып жатқан түтіннен екенін мойындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қарағанды облысының әкімі Теміртау қаласының ластануы "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының металлургиялық комбинатынан шығып жатқан түтіннен екенін мойындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Теміртау қаласының әкімі Ғалым Әшімов қала тұрғындарына есеп берді, осы жиынға облыс әкімі Жеңіс Қасымбек те қатысты. Көптеген теміртаулықты қаладағы экологиялық жағдай мазалайтыны айтылды. Тұрғындар екі жыл қатарынан қалада қардың қараятынына шағымданды, ал билік мұны шеше алмай отырғанына дал.
Тұрғындардың шағымын естіген облыс әкімі Жеңіс Қасымбек өзі жауап берді. Оның айтуынша, осы мәселені шешуге тек жергілікті атқарушы органдар емес, "АрселорМиталл Теміртау" компаниясы және үкімет те жауапты екенін жеткізді.
"АрселорМиттал Теміртау" компаниясының 2024-2024 жылдары қаладағы экологиялық жағдайды жақсарту бойынша жоспары бар. Алайда істелініп жатқан шаралар көзге көрінетіндей емес. Ауаға таралатын улы заттар тек 30 пайызға қысқарған, соның салдарынан Теміртау қаласының ластануының 80 пайызы осы металлургиялық комбинаттан шығып отыр. Мен мұны білемін және осы мәселені шешуге түбегейлі кірісетін боламын. Біз осы Теміртау қаласындағы экология мәселесіне қатысты қиындықтарды 2024 жылға дейін шешеміз деген ойдамын", - деді Жеңіс Қасымбек.
Сондай-ақ, өңір басшысы Теміртау қаласын айналып шығып, қаладағы жағдайды өзі бағалады.
"Менде осыған наразымын, ақ қар емес. Қазір біз компания әкімшілігімен және ел үкіметімен комбинаттың табиғи газға өтуін қарастырып жатырмыз. Бұл Теміртаудағы экологиялық мәселені түбегейлі өзгертетіні анық", - деп уәде берді Жеңіс Қасымбек тұрғындарға.
Айта кетейік, осыған дейін Теміртау тұрғындары әлеуметтік желіде қара қардың суреттері мен видеоларын жариялаған еді. Бірнеше жазбадан соң эколгия, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев барлық өндірістік өнеркәсіптердің жұмысын тексеруді тапсырды.
Показать комментарии
Читайте также