ПОДЕЛИТЬСЯ
27 ақпан 2019 | 16:09
Қасымов жаңа қызметі жайлы айтып берді
ҚР экс-ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов жаңадан тағайындалған Президент кеңесшісі - Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы қызметі жайлы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
ҚР экс-ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов жаңадан тағайындалған Президент кеңесшісі - Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы қызметі жайлы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Тілшіге берген сұхбатында Қасымов мұндай тағайындауды күтпегенін айтты.
"Біз иығымызға погон таққан адамбыз, қай лауазымға тағайындаса да сол жақта қызмет етеміз. Әрине, біз ұзақ уақыт қызмет жасамаймыз. Мен министр болғаныма бес жыл болған кезде атқарып жатқан қызметім жайлы шешім күткенмін. Бірақ одан кейін де жұмыс істедім. Жақында жаңа жұмысты атқарып жүргеніме бір ай болады. Бұл жұмыс өте жауапты және ауыр. Бұл жұмыстың бағыты көп: Қорғаныс өнеркәсібі, қорғаныс қауіпсіздігі және экологиялық мәселелер де бар. Бұл салалардың барлығына назар аударып жүрміз. Күн сайын Президентке атқарған жұмыстар жайлы құжаттама тапсырамыз", - деді Қалмұханбет Қасымов.
Оған қоса Қалмұханбет Қасымов ішкі істер министрі қызметіне сайланған Ерлан Тұргұмбаев жайлы өз пікірін білдірді.
"Ол тәжірибелі, алты жыл менің орынбасарым болды, ол жұмыстың барлық бағытын біледі және дұрыс атқара алады", - деді Президент кеңесшісі - Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы.
Қасымов бұл қызметке 12 ақпанда тағайындалған еді. Осыған дейін ол Ішкі істер министрі болған.
Показать комментарии
Читайте также