23 қазан 2018 13:26

Қасымов қазақстандық полицейлердің жаңа формасы қандай болатынын айтты

© Ярослав Радловский

Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов еліміздегі полицейлердің формасы қалай өзгеретінін айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов еліміздегі полицейлердің формасы қалай өзгеретінін айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ІІМ басшысы полицейлердің қазір киіп жүрген формасының жұмыста тым ыңғайсыз екенін айтып өтті.

Реклама
Реклама

"Біздің форма көбіне кеңсе қызметкерлерінің формасы сияқты. Бізге далада жүргенде ыңғайлы болатын форма керек. Бірыңғай болуы керек, климат жағдайымыз да әр түрлі. Қазір осы бойынша жұмыс істеп жатырмыз", - деді министр.

Оның айтуынша, полицейлерде енді жеңіл бас киім болады.

Еске сала кетейік, осыған дейін қазақстандық полицейлерде жаңа форма болатыны жайлы хабарланған болатын. ІІМ өкілдері полицейлердің қазіргі формасының ыңғайсыз әрі заманауи талаптарға сәйкес еместігін мәлімдеген еді.

Әлеуметтік желі қолданушылары өз кезегінде полицейлердің жаңа формасының суреттерін таратқан болатын. Алайда ІІМ өкілдері қандай да бір нақты прототип жайлы айтудың ерте екенін, әзірше нұсқалардың қарастырылып жатқанын хабарлаған еді.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram