ПОДЕЛИТЬСЯ
09 қараша 2018 | 17:31
Қасымов марқұм Денис Тенді марапаттады
ҚР ІІМ басшысы Қалмұхамбет Қасымовтың үкімімен марқұм Денис Тен қоғамдық тәртіпке белсенді атсалысқаны үшін медалімен марапатталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
ҚР ІІМ басшысы Қалмұхамбет Қасымовтың үкімімен марқұм Денис Тен қоғамдық тәртіпке белсенді атсалысқаны үшін медалімен марапатталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Марапаттау рәсімі мәнерлеп сырғанаушы борышын өтеген Ұлттық ұлан әскери бөлімшесінде өтті. Спортшының ата-анасына медальды ҚР Ұлттық Ұлан Бас қолбасшысының орынбасары Мұхаметқали Сатов табыстады.
"Әскери және қызметтік борышын үлгілі өтегені үшін, қоғамдық тәртіпке белсенді атсалысқаны үшін, сондай-ақ экстремал жағдайда ерлік көрсеткені үшін лейтенант Денис Тен ішкі істер министрінің 2018 жылдың 23 тамызындағы бұйрығымен өлімнен кейін "Қоғамдық тәртіпке үлес қосу" медалімен марапатталды", - делінген ҚР Ұлттық ұлан "Оңтүстік" өңірлік басқару баспасөз қызметінің хабарламасында.
Суреттер ҚР Ұлттық ұлан "Оңтүстік" өңірлік басқару баспасөз қызметінен
2011-2012 жылдары Денис Алматыдағы 7252 әскери бөлімшесінде шұғыл әскери борышын өтеді. Басында ол физикалық дайындық жөніндегі аға-нұсқаушы қызметінде болды және "кіші сержант" атағын алды. Ал Қазақстан қоржынына Олимпиаданың қол жүлдесін алғанда, оны офицер деңгейіне өсірді.
Денис Тенге арналған мемориал мәнерлеп сырғанаушы қайтыс болған жерде орнатылады. Әлі күнге дейін оның жанкүйерлері гүл шоқтарын алып қойып жатыр. Қазіргі уақытта мамандар ескерткіштің сызбасы мен концепциясын жасап жатыр.
"Оның анасы әрдайым "Байланыспа" деп айтып отыратын. Ол әділдік жолында жүрді, көрмегендей болып өте алмайтын. Ал бұзақылардың өз ойлағаны бар. Олар алдын ала пышақ сатып алып, оны қалай қолдану керектігін үйренеді", - деді Юрий Тен.
Показать комментарии
Читайте также