ПОДЕЛИТЬСЯ
25 қыркүйек 2018 | 14:18
Қасымов орынбасары жемқорлық үшін сотталған жағдайда қызметінен кетуге қатысты сұраққа жауап берді
Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі өкілдерінің қоластындағылары жемқорлық үшін сотталған басшыларды отставкаға кетіру түрінде жауапкершілікке тарту туралы ұсынысқа пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Әрине, әрқашан кінәсі бар-жоғын тексеру қажет (жемқорлық жасады деп айыпталған адамның - автор). Менің орынбасарым осылай жасаса, біз барлығымыз отставкаға кетуіміз керек болады", - деп жауап берді Қасымов журналистерге.
Ал нақты оның қоластындағы қызметкер жемқорлық үшін сотты болған жағдайда қызметінен кетуге дайын ба деген сұраққа ведомство басшысы "Иә" деп жауап берді.
Осыған дейін Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі басшысының орынбасары осы ұсыныстың таяуда Парламентте қарастырылатынын айтқан еді.
Показать комментарии
Читайте также