ПОДЕЛИТЬСЯ
09 қазан 2020 | 18:39
Қатаң карантин енгізілсе, 160 мың қазақстандық жұмыссыз қалуы мүмкін - министр
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов Қазақстанда қатаң карантин қайта енгізілсе, не болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов Қазақстанда қатаң карантин қайта енгізілсе, не болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Біздің "Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" ең нашар нұсқаны есептеп, баға берді, сәуір-мамыр айларында болған карантиндік шараларды еңбек нарығындағы қазіргі жағдайға есептеді", - деді Нұрымбетов ОКҚ-да өткен брифингте.
Оның айтуынша, егер үкімет дәл осындай қатаң шаралар қабылдауға мәжбүр болса, шамамен 4 миллион адам жұмыс орнын сақтап қалады.
"2,5 миллионға жуық адам қашықтан жұмыс істеуге ауысады. 2 миллионға жуы адамның жұмыс уақыты қысқартылады. Біздің сарапшылардың пікірінше, егер осындай қатаң карантин болса, өткен жолғыдай тағы 160 мың адам жұмыстан шығарылып, жұмыссыз қалуы мүмкін", - деді еңбек министрі.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также