14 қараша 2024 | 11:51

Қатар Қазақстанның әскери полигондарын пайдалана алады: Сенат келісімді мақұлдады

Фото:depositphotos.com

Бүгін сенаторлар "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қатар Мемлекетінің Үкіметі арасындағы әскери ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы" заң жобасын қарап, мақұлдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Бүгін сенаторлар "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қатар Мемлекетінің Үкіметі арасындағы әскери ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы" заң жобасын қарап, мақұлдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Заң жобасын әріптестеріне сенатор Ғалиасқар Сарыбаев таныстырды.

"Келісімді ратификациялау екі мемлекетке әскери білім беру, әскери қызметшілерді даярлау, әскери медицина, әскери ғылым, мәдени және спорттық іс-шаралар саласындағы ынтымақтастықты жүзеге асыруға мүмкіндік береді", - деді ол палата отырысында.

Реклама
Реклама

Басқалармен қатар, келісім бейбітшілікті сақтау операцияларында бірлескен оқу-жаттығулар, консультациялар өткізу мүмкіндігін, екі мемлекеттің әуе кеңістігі мен әскери полигондарын жауынгерлік даярлық және техника транзиті жөніндегі іс-шараларды өткізу кезінде пайдалану мерзімдерін өзара келісуді көздейді.

Келісім бес жыл мерзімге жасалды және келесі бес жылға автоматты түрде ұзартылады - егер Тараптардың ешқайсы ағымдағы мерзім аяқталғанға дейін алты айдан кешіктірмей екіншісіне оның қолданысын ұзартпау ниеті туралы хабарламаған жағдайда.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная