ПОДЕЛИТЬСЯ
15 ақпан 2024 | 14:29
Қатарлық инвестор қазақстандық банкті сатып алуға дайын
Қатарлық Lesha Bank қазақстандық "Бәйтерек" мемлекеттік холдингіне тиесілі банктің акцияларын сатып алуды жоспарлап отыр. Бұған Қатар қор биржасы жариялаған ақпарат дәлел, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Lesha Bank 2024 жылғы 14 ақпанда "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-мен Қазақстан Республикасында банктің барлық жарғылық капиталын әлеуетті сатып алуға қатысты алдын ала келісім жасасты", - делінген биржа хабарламасында.
Мәміле тараптар арасында жасалатын түпкілікті келісімнің шарттары мен ережелерін сәтті келісуге байланысты болады.
Lesha Bank (бұрынғы Qatar First Bank) - Қатардың қаржы орталығын реттеу басқармасынан мақұлдау алған шариғат қағидаттарына сәйкес келетін алғашқы тәуелсіз банк.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также