26 қаңтар 2023 16:20

Қате ақпарат - министр Әбішевке қатысты арыз туралы

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:gov.kz

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният бұрынғы вице-министр Олжас Әбішевтің үстінен полицияға арыз жазбағанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният бұрынғы вице-министр Олжас Әбішевтің үстінен полицияға арыз жазбағанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Сіздердегі қате ақпарат. Оған қарсы арыз бергем жоқ. Біреу менің атымнан менің хабарымсыз және келісімімсіз менің жеке деректерімді пайдаланып петицияға қатысқан. Онда менің жеке деректерім, соның ішінде ЖСН заңсыз пайдаланылды. Мен мемлекеттік органның басшысы екенімді және менің кез келген мәлімдемемді тұрғындар Денсаулық сақтау министрлігінің ұстанымы деп қабылдайтынын ескере отырып, оны кім, қандай мақсатпен жасағанын анықтау үшін арыз жаздым", - деп жауап берді министр.

Сондай-ақ, Ғиниятқа "бұрынғы әріптестеріңізді қолдайсыз ба" деген сұрақ қойылды.

Реклама
Реклама

"Мен өз пікірімді айтқанмын. Бәрі заң аясында шешілуі керек, біз соттың шешімін күтіп отырмыз", - деді ол.

Еске салайық, 2022 жылғы қазанда бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пен оның бұрынғы орынбасары Олжас Әбішевке қатысты үкім шығарылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram