ПОДЕЛИТЬСЯ
30 мамыр 2022 | 16:09
"Қатты жаңбыр, бұршақ". Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?
Қазгидромет синоптиктері 31 мамыр мен 1-2 маусымдағы ауа райын болжады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазгидромет синоптиктері 31 мамыр мен 1-2 маусымдағы ауа райын болжады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Жылудың артынан жаңбыр келеді. Мамырдың соңғы күні Қазақстан аумағының басым бөлігі Сібірдің үстіндегі циклон жырасының ықпалында болады - найзағай ойнап, оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл болады. Республика бойынша жел күшейеді", - делінген хабарламада.
Алайда метеорологтар 1 маусымда Батыс Қазақстанға солтүстік антициклон әсер ете бастайтынын, ол республика аумағы арқылы шығыс бағытқа ауыса отырып, жауын-шашынның біртіндеп тоқтауына және температураның көтерілуіне алып келетінін айтты.
"1-2 маусымда еліміздің батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында түнгі және таңертеңгі сағаттарда топырақ бетінде 2 градусқа дейін үсік жүреді деп болжанады", - дейді синоптиктер.
Қазақстандағы қалалар бойынша ауа райы болжамының картасын мына сілтемеден көруге болады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также