14 маусым 2021 | 13:18

"Қауіпті". Министр қазақстандықтарды Көбейтұз көліне бармауға шақырды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Tengrinews.kz/Турар Казангапов

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев қазақстандықтарды Көбейтұз көліне бармауға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев қазақстандықтарды Көбейтұз көліне бармауға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Халыққа есеп беру кездесуінде министрге "Қазіргі уақытта Көбейтұзға бару заңды ма?" деген сұрақ қойылды.

"Бір нәрсені нақты айта аламын. Біріншіден, былтыр әкімдік суға, тұзға талдау жасап, құрамында ауыр металдар көрсеткіші өте жоғары деген қорытындыға келді. Осы ақпаратты пайдалана отырып, тұрғындарды Көбейтұзға барудан бас тартуға шақырамын. Екіншіден, ерекше қорғалатын аумаққа келетін болсақ, бұл жергілікті атқарушы органның құзыреті: ол Ақмола облысы аумағында орналасқан.

Оны жергілікті режимдегі ерекше қорғалатын табиғи аймаққа айналдыруды ұсындық. Бірақ зерттеулерге байланысты, қазір әкімдік жұмыстарды жалғастырып жатыр. Мен жақын күндері облыс әкімімен келіссөз жүргіземін және осы мәселе бойынша жауап алуға уәде беремін", - деп жауап берді Мырзағалиев.

Реклама
Реклама

Тілшілер нақты жауап алу үшін министрге сұрақты қайталап қойды.

"Былтыр аудан әкімдігінің күшімен қоршау қойылды. Оған өтуге болмайды, көлдің өзі адамдар денсаулығы үшін қауіпті", - деді министр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram