ПОДЕЛИТЬСЯ
24 шілде 2020 | 15:54
Қай әкім отставкаға өтініш берді?
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қандай әкімдер отставкаға өтініш бергенін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қандай әкімдер отставкаға өтініш бергенін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Агенттік өткен жылдың соңында қабылданған басшылардың отставкаға кетуі және бағыныштылардың сыбайлас жемқорлық әрекеті үшін басшылардың тәртіптік жауапкершілігі туралы заңнамалық норманың орындалуына мониторинг жүргізуді жалғастырып жатқаны хабарланған.
"Бүгінде бағыныштылардың сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтары үшін 3 саяси мемлекеттік қызметші отставкаға кету туралы өтініш берді.
Жамбыл облысы Шу ауданының әкімі ауылдық округ әкіміне қатысты үкім шыққаннан кейін, прокуратура наразылығын қарау бойынша сот шешімін күтпестен, отставкаға беріп (Әлімқұлов, ҚР ҚК 361-бабы 1-бөлігі, белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойы айыру арқылы 505 мың теңге сомасында айыппұл) өз еркімен қызметінен босатылды.
БҚО Шыңғырлау ауданының әкімі отставкаға кетті, оның бағынышты - аудандық білім бөлімінің басшысы 2019 жылдың 10 желтоқсанына дейін сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады (Сапаров, ҚР ҚПК 367-бабының 2-бөлігі, 190-бабының 3-бөлігі, 2-бөлігі, мемлекеттік қызметті атқару құқығынан өмір бойы және 3,5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталды).
Қарағанды облысы Сәтбаев қаласы әкімі - қалалық ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының сыбайлас жемқорлық құқыбұзушылығы үшін отставкаға берген (Кунедилова, ҚР ҚК 190-бабы 3-бөлігі, белгілі бір лауазымдарда қызмет атқаруға өмір бойы тыйым салумен 12 млн теңге сомасында айыппұл). Оның отставкасы қабылданған жоқ, ол сөгіс түрінде тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Жақында Қостанай облысы Рудный қаласы аппаратының басшысы Қашар кентінің әкіміне қатысты сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтың тергелуіне байланысты өз еркімен жұмыстан босату туралы өтініш жазды", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ ведомствоның хабарлауына қарағанда, бүгінде сотқа дейінгі тергеу және сот талқылауы кезеңінде бірқатар мемлекеттік қызметкерлерге қатысты қылмыстық істер бар. Олар қылмыстық жауапкершілікке тартылған жағдайда отставкаға саяси мемлекеттік лауазымды атқаратын 16 басшы беруі тиіс.
"Олар республикалық деңгейдегі 3 басшы, 3 - облыстық, 3 - қалалық және 7 - аудандық деңгейде. Бұдан басқа, 45 әкімшілік мемлекеттік қызметші бағынышты адамдарды соттаған жағдайда тәртіптік жауапкершілікке тартылады", - деп мәлімдеді агенттіктегілер.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также