ПОДЕЛИТЬСЯ
30 желтоқсан 2021 | 16:51
Қай қалаларда жаңажылдық отшашу болады?
Оралда мерекелік отшашу 31 желтоқсан сағат 23.00-ге жоспарланған. Ол Тұңғыш Президент алаңында өтеді. Осы алаңға биіктігі 22 метр болатын қаланың бас шыршасы орнатылған. Орал әкімдігі өкілі 31 желтоқсан сағат 20.00-де ертегі кейіпкерлері Аяз Ата мен Ақшақар қатысатын мерекелік ойын-сауық бағдарламасы басталатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Оралда мерекелік отшашу 31 желтоқсан сағат 23.00-ге жоспарланған. Ол Тұңғыш Президент алаңында өтеді. Осы алаңға биіктігі 22 метр болатын қаланың бас шыршасы орнатылған. Орал әкімдігі өкілі 31 желтоқсан сағат 20.00-де ертегі кейіпкерлері Аяз Ата мен Ақшақар қатысатын мерекелік ойын-сауық бағдарламасы басталатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Қала тұрғындарын көптеген тосынсый күтіп тұр. Оралдың үздік эстрадалық ұжымдары өнер көрсетеді. Бағдарлама мерекелік отшашумен аяқталады", - деді Орал әкімінің орынбасары Мирболат Нұржанов.
Биыл жаңа жылды тойлауға қалалық бюджеттен жеті миллион теңге бөлінді. Бұл ақша балаларға арналған ертеңгілікке, жаңажылдық отшашуға, қаланы мерекелік безендіруге жұмсалады.
Өскеменде жаңажылдық отшашу 2022 жылы болады. Яғни, жаңа жылдың 1 қаңтарында дәл 1:00-де орталық алаңда өтеді. Оны қала тұрғындары арасында мерекені тойлауға келгендер тамашалай алады. Алайда қала әкімшілігі өскемендіктерге қашықтықты сақтап, бетперде тағу қажет екенін алдын ала ескертті. Өскеменде отшашудан бөлек жаңа жыл қарсаңында мерекелік концерттер өткізу жоспарланған. Қойылымдар облыс орталығының бірнеше жерінде өтеді. Іс-шаралар 31 желтоқсан сағат 22:00-де басталады.
Павлодарда 31 желтоқсан мен 1 қаңтар аралығында жаңажылдық отшашу болмайды. Бірақ бұл қалада мереке түрлі-түсті отшашуларсыз өтеді дегенді білдірмейді. Дәстүр бойынша қала тұрғындары тұрғын үй аулаларында отшашу ата алады.
Әдетте Павлодарда жаңажылдық отшашу шырша жағу кезінде ұйымдастырылатын еді, бірақ кейінгі жылдары пандемияға байланысты бұл рәсім online форматта өткізіледі. Павлодар қаласы әкімінің баспасөз қызметі өкілі орталық жағалаудағы басты шыршадан бөлек шағынаудандарда жалпы сомасы 16,6 миллион теңгеге тағы екі шырша орнатылғанын мәлімдеді. Барлық үш шырша да кейінгі жылдары қолданылған ойыншық, гирляндалармен безендірілген.
Қарағандыда жаңа жыл қарсаңында мерекелік отшашу болмайды. Қала тұрғындары үшін Орталық мәдениет және демалыс саябағы аумағында екі мұз айдыны жұмыс істейді. Майқұдық, Пришахтинск және Сортировка тұрғындарына Майқұдық мәдениет үйі, "Молодежный" және "Теміржолшылар" ұжымдары концерттік бағдарлама ұсынады.
Қызылордадағы орталық алаңда жаңа жылға арналған мәдени іс-шаралар жоспарланбаған. Бұл халық арасында коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу үшін жасалды. Бірақ қала тұрғындары жаппай мерекелерге қатыса алады. Жаңажылдық отшашу да болмайды, өйткені оған қаражат бөлінбеген. Былтыр да облыс орталығында пандемияға байланысты отшашу болған жоқ.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также