15 қараша 2022 | 11:55

Қай министрліктер мен әкімдіктер бюджет қаражатын игере алмады?

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Үкімет отырысында мемлекеттік бюджеттің атқарылу барысын баяндаған ҚР қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев 2022 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша министрліктер мен әкімдіктер 278 миллиард теңгені игермегенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Үкімет отырысында мемлекеттік бюджеттің атқарылу барысын баяндаған ҚР қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев 2022 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша министрліктер мен әкімдіктер 278 миллиард теңгені игермегенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"278 миллиард теңге игерілмеген. Индустрия және инфрақұрылымдық даму, Ішкі істер, Төтенше жағдайлар және Оқу-ағарту министрліктері бюджетті дұрыс игермеген", - деді Жамаубаев.

Жергілікті бюджеттің шығыстары 8,1 триллион теңге. Орындалмаған - 520 миллиард теңге.

Реклама
Реклама

"Бюджет дұрыс игерілмеген өңірлер қатарында Астана, Маңғыстау, Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстары бар. Игерілмеудің негізгі себептеріне төлемнің негізділігін растайтын құжаттарды ұсынбау, орындалған жұмыстардың актілерін, шот- фактураларды уақтылы ұсынбау сияқты жайттар болған", - деп толықтырды Қаржы министрлігінің басшысы.

Мемлекеттік бюджетке трансферттерді есептемегенде 12 триллион 427 миллиард теңге сомасына кірістер түсті, жоспар 104,1 пайызға орындалды.

Бұдан басқа, республикалық бюджетке трансферттерді есептемегенде шамамен 8,4 триллион теңге түсті, жоспар 102,2 пайызға орындалды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная