Қай өңірлерде автобустарға “Сергектер“ орнатылған?

Қай өңірлерде автобустарға “Сергектер“ орнатылған? Фото ©️ Tengrinews.kz / Шокан Алхабаев

Желіде Астанада автобустарға "Сергек" камералары орнатылғаны көрсетілген видео пайда болды. Жасырын патрульдеу қай өңірлерде басталғаны айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Желіде Астанада автобустарға "Сергек" камералары орнатылғаны көрсетілген видео пайда болды. Жасырын патрульдеу қай өңірлерде басталғаны айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әкімшілік полиция комитеті мәліметінше, жасырын патрульдеу – жол қозғалысы ережелерін бұзуды анықтайтын камераларды жедел жәрдем көліктеріне, қоғамдық көлікке және тану белгілері жоқ патрульдік полиция қызметтік көліктеріне орнатуды көздейді.

"Әкімдіктермен бірлесіп, қызметтік және қоғамдық көліктерге, жедел жәрдем көліктеріне автоматтандырылған жүйелер орнатылып жатыр. Қазірдің өзінде 9 өңірде қолданыста: Ақтөбе, Атырау, Астана, Жетісу, Қостанай, Қарағанды, СҚО, Түркістан, Ұлытау", – деп хабарлады комитет.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама