12 желтоқсан 2023 09:40

Қай өңірлерде аязға байланысты оқушылар қашықтан оқуға ауыстырылды?

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Қазақстанның бірнеше облысы мен қаласында ауа райының суытуына байланысты мектептердегі сабақ тоқтатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның бірнеше облысы мен қаласында ауа райының суытуына байланысты мектептердегі сабақ тоқтатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ауа райының нашарлауына байланысты 12 желтоқсанда мектеп жасына дейінгі, сондай-ақ Павлодар қаласының бірінші ауысымындағы 1-11-сынып оқушылары қашықтан оқуға көшірілді. Бұл туралы Павлодар қаласының білім бөлімі хабарлады.

Сондай-ақ, Екібастұзда мектепке дейінгі және 1-11 сынып оқушыларының сабақтары онлайн форматқа көшірілді. Екі қалада ауа температурасы 30 градус аязға дейін төмендеді, желдің жылдамдығы секундына 5-10 метр болады.

Реклама
Реклама

12 желтоқсанда Абай облысында ауа райының қолайсыздығына - температураның төмендеуіне байланысты бірінші ауысымдағы оқушылардың сабағы тоқтатылды:

  • Семей – 1-4 сыныптар;
  • Курчатов - 1-9 сыныптар;
  • Абай облысы – 1-9 сыныптар;
  • Ақсуат ауданы – 1-9 сыныптар;
  • Жарма ауданы – 1-11 сыныптар;
  • Бородулиха ауданы, 4 мектеп – 1-4 сынып, 24 мектеп – 1-11 сынып;
  • Бесқарағай, Көкпекті, Аягөз аудандары – 1-11 сыныптар қашықтан оқу форматына көшірілді. Қалғандары әдеттегідей оқиды.

ШҚО білім басқармасы мәліметінше, 12 желтоқсанда аязға байланысты бірінші ауысымдағы оқушылар қашықтан оқу форматына көшірілді:

  • 0-ден 4-сыныпқа дейін Өскемен, Күршім ауданы (Жолнұсқау, Ақсуат орта мектептері), Глубокое ауданы, Тарбағатай ауданы (Тұғыл ауылы), Алтай ауданы;
  • 0-ден 7-сыныпқа дейін Тарбағатай ауданы (Байтоғас ауылы);
  • 0-ден 9-сыныпқа дейін Алтай аймағы, Риддер қаласында (Чапаевская, Путинцевская, Зубовская орта мектептері);
    0-ден 11-сыныпқа дейін Алтай аймағында (Первороссийская, Тургусунская, Леснопристанская ауылдық мектептері).

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram